Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 300 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.04.2024 1282 0 пікір
СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 300 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында орталық мешітте қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Қайырымдылық іс-шарасы барысында су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттері таратылды.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күллі адамзатқа жолдаған өсиетінде ең жақсы адамның бойындағы ізгі қасиетін тілге тиек етіп: «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғандары», – деген. Алла Тағала сіз бен бізді айнала-төңірегімізге пайдалы болған мұсылмандардан еткей. Алла Тағала Құранда «Рахман» сүресінің 60-аятында: «Жақсылықтың қарымы – дәл сондай жақсылық» деп уәде еткендей, жасап жатқан қайырымды істеріңіздің қайырын көріңіздер, бауырлар! Алла Тағала бұл сынақтың соңын жақсылыққа ұластырғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру