Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАМАЗ УАҚЫТЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.02.2024 8529 0 пікір
НАМАЗ УАҚЫТЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ ХАБАРЛАМАСЫ

 Құрметті отандастар!

 

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Алла қаласа 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру