Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.01.2024 1633 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұмада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық бас мешітте жұма уағызын айтты.

Мешіт жамағатына «Әрбір істі ықыласпен орындау» тақырыбында насихат айтқан ҚМДБ Төрағасы: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «Асылы, олар тек қана хақ діннен ауытқымай, Аллаға шын ықыласта болып, Оған құлшылық етуге, намаз өтеуге, зекет беруге бұйырылған. Нағыз тура дін міне – осы», – деп айтқан («Бәйина» сүресі, 5-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Алла Тағала тек шынайы ықыласпен және Оның разылығы үшін жасалған амалды ғана қабыл етеді», – деген. Ал Әзіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Істің көптігіне емес, аз болса да ықыласпен істеуге көңіл бөлу керек», – деп ықыластың маңыздылығын айтқан екен. Сондықтан мұсылман адам әрбір ізгі ісін бір Алланың разылығын көздеп, көзбояушылықтан, мақтанудан  аулақ болуы тиіс. Сонда ғана қабыл болады» деп атап өтті.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге қаңтар оқиғасынан қаза тапқан марқұмдардың рухына арнайы Құран аяттарын бағыштап, Жаратқаннан жарылқау тіледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру