Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЕЛШІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.11.2023 1315 0 пікір
БАС МҮФТИ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЕЛШІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанға барған сапарында Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Наурызбай қажы Тағанұлы Ташкентте Түркі елдері мүфтилері кеңесінің кезекті отырысы өткенін, кеңестің мақсаты түркі елдерінің рухани байланысын арттыру, бауырлас елдердің бірлігін бекемдеп, ортақ құндылықтарды төрткүл дүниеге таныту екенін атап өтті.

«Түркі елдері ішінде Қазақстан үшін Өзбекстан мемлекетінің маңызы зор. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дініміз, тіліміз – ортақ. Осы рухани мұраларымыздан тағылым алып, еліміздің кемел келешегі үшін қызмет етуіміз керек деп білемін. Бүгінде Өзбекстанда 800 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады. Өзбек жерінде біздің Төле би, Әйтеке би секілді бабаларымыз жерленген. Бұл да – бізді жақындастыра түсетін фактордың бірі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Бас мүфти сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланыс жақсы жолға қойылғанын, қазіргі таңда екі ел арасындағы рухани, туристік байланыс та жанданып келе жатқанын алға тартты.

Өз кезегінде Бейбіт Атамқұлов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атқарып жатқан ізгі бастамаларға тілеулестігін білдіріп, қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру