Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КІТАП КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.09.2023 1663 0 пікір
БАС МҮФТИ КІТАП КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында кітап көрмесін аралады.

Көрмеге MUFTIYAT баспасынан шыққан кітаптар қойылған. Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров Бас мүфтиге мүфтияттың төл баспасынан шыққан кітаптарға деген сұраныс мешіт жамағаты тарапынан да жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, бұған дейін MUFTIYAT баспасынан «Табыс теориясы (мұсылман мотивациясы)», «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар», «Жаннатпен сүйіншіленген 10 сахаба», «Пайғамбар хадистері мен қазақ мақал-мәтелдері», «Құрбандық пәтуалары», «Сопылық сыры» сынды бірқатар кітап жарық көрді. Енді жыл соңына дейін  «Ислам энциклопедиясының» І, ІІ, ІІІ томдарын, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр ІІІ», «Пәтуалар жинағы 4», «Ислам ақидасы: Өзекті мәселелер», «Ерекше көркем есімдер» және т.б. кітаптарды шығару жоспарланған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру