Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.08.2023 1592 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен кездесті.

Кездесуде аймақтағы діни ахуал сөз болып, атқарылған жұмыс жайы талқыланды. Құмар Іргебайұлы өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау, тарихи мешіттерді қалпына келтіру, жалпы облыстағы имандылықты көтеру тұрғысынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

Бас мүфти өз кезегінде аймақ басшысына алғысын жеткізіп, көне жәдігерлерімізді сақтап қалу қажеттігін, облыстағы медреселердің жағдайы, имамдардың әлеуметтік мәселесі де назарда екенін айтып өтті. Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті имамдардың облыста атқарған іргелі істерін оның ішінде Рамазан айы мен Құрбан Айттағы ауқымды шаралары жөнінде де айтты.

Кездесу соңында тараптар ортақ жұмыстарды бірге атқарып, рухани мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.

Айта кетейік, Қостанай өңірінде қазіргі таңда Діни басқармаға қарасты 27 мешіт жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 74 дін қызметкері бар.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру