Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ САК ИСЛАМ ІСТЕРІ, УАҒЫЗ ЖӘНЕ НАСИХАТ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.08.2023 1878 0 пікір
БАС МҮФТИ САК ИСЛАМ ІСТЕРІ, УАҒЫЗ ЖӘНЕ НАСИХАТ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қасиетті Мекке қаласында өтіп жатқан халықаралық конференция аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абделатиф бен Абдулазиз Әл аш-Шейхпен кездесті.

Кездесуде Сауд Арабиясымен діни, рухани бағытта атқарылып жатқан іргелі істер сөз болды. Министр екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту бағытында жаңа жобалар қолға алынатынын жеткізді.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған конференцияның жоғары деңгейде өткенін айтып, мұсылман елдерінің ауызбіршілік, ынтымақтастық бағытын арттыруға себебі мол жиын деді.

«Өзіңізбен әр кездесуіміз оң нәтижелерге алып келуде. Бұл қарым-қатынасымызды тереңдетуге деген ниетті екенімізді көрсетеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейту бағытындағы жұмыстарымыз басталды. Өзіңізді Қазақстанға зиярат етуге шақырамын. Бүгінгі қолға алған халықаралық бастамаларыңыз оңынан болсын» деді Бас мүфти.

Кездесу соңында екі тарап өзара ізгі тілегін білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Айта кетейік, Меккеде өтіп жатқан халықаралық конференцияны ұйымдастыру САК Ислам істері, уағыз және насихат министрлігіне жүктелген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру