Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫНА КАПСУЛА САЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.06.2023 3276 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫНА КАПСУЛА САЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысының Сауран ауданындағы Қарашық ауылында жаңадан салынатын мешіттің іргетасына капсула салды.

Үш мың адамдық мешіт нысанының қазығын қағу рәсімінде Бас мүфти:

«Аллаға шүкір, тәуелсіздік алған 30 жылдан аса уақыт ішінде елдің еңсесі тіктеліп, рухани құндылығымыз қайта оралды. Мешіттеріміз азан шақырып, бабаларымыздың арманы орындалды. Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені. Абай атамыз «Адамды сүй, Алланың хикметін сез» дейді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейді тағы бір өсиетінде. Міне, осындай тәлім мен тәрбиеге негізделген орда құтты болсын! Құлшылық үйінің ашылуына мұрындық болған, көмектескен азаматтарға Алла разы болсын!

Бүгін осынау алаңда балалар мен жасөсіпірімдерге арналған спорт алаңқайының да құрылысы басталып жатыр. Дінімізде спортпен шұғылданудың, денсаулыққа мән берудің жөні бөлек. Жүгіру, жүзу, ат спорты, мергендікке баулуда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздерді табандылық танытып, күшті болуға шақырды» деді.

Айта кетейік, Қарашық ауылында салынатын жаңа мешіт аумағында және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт және демалыс алаңдары, сондай-ақ аллея орны бар. Нысан аумағы 3,5 га құрайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру