Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҰСТАЗДАР МЕН ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.06.2023 1789 0 пікір
БАС МҮФТИ ҰСТАЗДАР МЕН ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапарында ұстаздар мен шәкірттерге құрмет көрсетті.

Бас мүфти «Талаба» қауымдастығына мүше студенттермен кездесу барысында Нәсәфи ақидасына Хусамуддин ас-Сығанақидың түсіндірме кітабы бойынша шәкірттерге ижаза беру рәсіміне қатысты. Имам Матуриди ақидасының білгірі, доктор Абдулла Исмайыл қазақ студенттерімен аталмыш кітапты толықтай оқып шыққан. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақ даласынан шыққан ғұлама бабамыздың еңбегін шәкірттерге үйреткен Абдулла ұстазға құрмет көрсетіп, сый жасады. Өз кезегінде доктор Абдулла Исмайыл ҚМДБ Төрағасына өзінің ақида, хадис кітаптарына жазған түсіндірме еңбектерін сыйға тартты.

Сондай-ақ Бас мүфти Құран Кәрімнен 10 қырағат иесі, қари ұстаз Абдуррахман Ахмадқа да құрмет көрсетіп, ұстазға және одан Құран ижазасын алған қазақ шәкірттеріне Қазақстаннан арнайы әкелген кәдесыйларын табыстады. Айта кетейік, ұстаз Абдуррахман Ахмад Мысырда білім алып жатқан қазақ шәкірттерін қарилыққа баулып жүр. Бүгінде Абдуррахман ұстаздың жетекшілігімен 6 қазақ шәкірті қари атанса, жыл соңына дейін тағы 10 қазақ шәкірті қари атанбақ. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру