Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде «Ізгі қоғам» бөлмесінің ашылуына қатысты.
Бас мүфти игі іс-шара барысында екі жастың ақ некесін қиып, жастарға насихат айтты. Сонымен қатар мүфтият діни қызмет аясында 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын, ізгі қоғам бақытты отбасыдан басталатынын атап өтті. Сондай-ақ Бас мүфти шаңырақ көтерген жастарға Исламдағы отбасы құндылығы жайлы уағыз айтып, ақ некені бұзбауға шақырды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.04.2023
3018
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру