Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАМАЗАН АЙЫНДА 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.04.2023 1542 0 пікір
РАМАЗАН АЙЫНДА 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы бойы мешіттерде 2 915 048 адамға ауызашар берілді.

Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудан, ауыл-аймақтарда орналасқан 697 мешітте оразаның алғашқы он күнінде 814 888 адамға, екінші он күнінде 850 149 кісіге, үшінші он күнінде 1085 011 адамға ауызашар дастарқаны жайылды. Бұдан бөлек 165 000 адамға ауызашар қоржыны таратылды. Жалпы алғанда Рамазан айы бойы 2 915 048 адамға ауызашар берілді.

Ауызашарға қарттар, балалар, мүгедектер үйінен келген жандар, сонымен қатар көпбалалы ата-аналар, жалпы көмекке мұқтаж азаматтар қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру