
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы бойынша кезекті Аппарат жиналысы өтті.
Жиналыс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Уақып» қоры мен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы халыққа қызмет ету жолындағы маңызды бағыттарымыздың бірі екенін тағы да айрықша атап өтемін. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты орындау қажет» деді.
Жиында ҚМДБ меңгерушілері қор мен орталық жұмысын жетілдіру бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру