Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.02.2023 5408 0 пікір
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының және Орал орталық мешітінің бас имамы болып Самат Әлібаев тағайындалды.

Қызметке жаңадан тағайындалған облыс бас имамын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы жамағатқа ресми түрде таныстырды.

Ал бұған дейін Батыс Қазақстан облысының бас имамы болып екі жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Бақытжан Құралбайұлының иығына қазақи дәстүрмен шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру