Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Пресс-служба ДУМК muftyat.kz 20.11.2022 3236 0 пікір
БАС МҮФТИ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

«Бүгін Қазақ елінің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Біз ел болашағын жарқын ету жолындағы игі бастамаларды қолдаймыз және халықты бірлік пен ынтымаққа үндейміз. Бүгінгі тарихи сәт жоралы жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін оң серпін береді деп сенемін. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етіп, тәуелсіздігімізді баянды еткей. Әмин» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру