Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 07.11.2022 2533 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебеп кітапхана жұмысымен танысты.

Кітапхана ішін аралап, тарихи құнды жәдігерлермен және ұжымның жұмысымен танысқан Бас мүфти қызметкерлерге кәде-сыйын табыстап, игі тілегін жеткізді.

Айта кетсек, бүгінде әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебеп кітапхана халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап бар. Сонымен қатар 6546 еңбектің электронды нұсқасы бар. Оқырмандар саны 18 мыңнан асатын кітапханада 96 қызметкер еңбек етуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру