Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.11.2022 3396 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласының облыстық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

ҚМДБ Төрағасы қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік екенін атап өтті.

«Шариғатымыз адам баласының пайдасы үшін біздерді жаман әдеттерден тыйған. Өйткені «зиянды әдет» деп аталғанындай, бұл істерді істеу адам баласының дүние-ақыретіне үлкен зиян алып келеді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Юнус» сүресінің 44-аятында: «Алла адамдарға еш зұлымдық (зияндық) қылмайды. Бірақ адамдар өздеріне өздері зұлымдық жасайды», – деп айтқан.

Алла Тағала баршамызды өзінің бұйырғанын орындайтын, зиянды әдеттерден аулақ болған сүйікті құлдары қатарынан етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жұма намазынан кейін ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру