Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Парасат» орденімен наградталды.
25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында берілген орденді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі табыстап, Бас мүфтиге ізгі ниетін жеткізді.
Салтанатты іс-шарада Наурызбай қажы Тағанұлы: «Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – тәуелсіздігімізді ұлықтайтын ұлттық мереке. Президентіміздің бізге берген ордені барша дін қызметкеріне берілген марапат деп санаймын. Алла Тағала еліміздің егемендігін баянды етіп, халқымызға амандық, жерімізге тыныштық бергей» деді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
22.10.2022
4398
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру