ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Мысыр Араб Республикасына барған сапарында Каирде қазақстандық студенттермен кездесіп, насихат айтты.
Батыржан Берденұлы жерлестерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дұғай сәлемін жеткізіп, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы ойларын бөлісті.
Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Батыржан Мансұров жастарды терең білім алып, еліміз бен жеріміздің игілігі үшін қызмет етуге шақырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.09.2022
3390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру