Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕШІТ ЖАНЫНАН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨПІР АШЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.09.2022 2719 0 пікір
МЕШІТ ЖАНЫНАН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨПІР АШЫЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітке апарар жаяу жүргіншілер көпірінің ашылу салтанатына қатысты.

Абай облысының орталық мешіті айналмалы жолдың ортасында орналасқан. Сондықтан мешіт жамағатының жаяу жетуі, жолды кесіп өтуі қиынға соғып келген. Бұған дейін құлшылық үйінің солтүстігінен көпір ашылған болатын, енді жаңа көпір оңтүстік беткейден салынып отыр.

«Мешітке жаяу бару, намазды күту жақсы әдеттерден. Енді осы мешітке жаяу келіп әрі мынадай көпірден өту сауапты еселей түсетіні сөзсіз. Дінімізде мұндай қайырлы іске демеу білдіргеннің амал дәптеріне сауабы барып тұрады. Алла атсалысқан азаматтарға разы болсын” - деген Наурызбай қажы Тағанұлы Өз ізгі тілегін жеткізді.

Көпірдің ұзындығы – 48 метр, ені – 2,5 метр, биіктігі – 5,5 метр. Екі бекіту тірегінде мешіт архитектурасының жалғасы ретінде екі күмбез орнатылған. Қалалық әкімдік тарапынан қолдау тапқан жобаның құны – 140 млн теңгені құрады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру