Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАТАР ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.09.2022 2153 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАТАР ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VII съезі аясында Қатардың Уақып және Ислам істері министрлігі Ислам істері департаментінің директоры Халед Бен Шахин әл-Ғаним бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде екі елдің байланысы сөз болды. Сонымен қатар діни, рухани салада бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызы талқыланды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің VII съезінің дінаралық достықты нығайту жолындағы рөлі мен маңызын атап өтті. Сонымен қатар еліміздегі мешіттер мен медреселердің жұмысы жайлы баяндады. Бас мүфти жер бетіне бейбіт өмір орнату күллі адамзаттың қажеттілігі, бұл ортақ келісім мен өзара түсінік аясында орындалатын іс екенін тілге тиек етті.

Басқосу соңында тараптар ортақ жобалар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру