Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОМАН СҰЛТАНДЫҒЫМЕН ОРТАҚ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 16.09.2022 2095 0 пікір
ОМАН СҰЛТАНДЫҒЫМЕН ОРТАҚ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Оман Сұлтандығы Бас мүфти кеңсесінің Бас хатшысы Ахмед бен Сауд ас-Сиябимен кездесті.

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі сөз болып, бірегей жиынның маңызы айтылды.

Бас мүфти мәртебелі мейманға Діни басқарманың атқарып жатқан сауапты істері мен игі жобаларын қысқаша баяндап, мәлімет беріп өтті. Өз кезегінде Ахмед бен Сауд ас-Сияби Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасындағы сауда-экономикалық қатынастан бөлек, берік рухани байланыс орнағанын атап өтіп, діни салада ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру