Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ РАВИЛЬ ГАЙНУТДИНМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.09.2022 2398 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ РАВИЛЬ ГАЙНУТДИНМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІ съезіне келген мәртебелі мейман, Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызы сөз болып, жаһандық жиынның дүниежүзі халықтарын, барша дін өкілдерін бірлік пен бейбітшілікке үндеп, олардың өзара түсіністігі мен татулығына үлес қосып келе жатқандығы сөз болды.

Равиль Гайнутдин халықаралық басқосудың жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастыру іс-шараларына үлес қосқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымына алғысын жеткізді. Тараптар екіжақты келісім аясында діни саладағы ынтымақтастықты арттыра түсудің маңызы жайлы әңгімелесті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру