Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАСПАГЕР-ЖУРНАЛИСПЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.08.2022 3562 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАСПАГЕР-ЖУРНАЛИСПЕН КЕЗДЕСТІ

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Махамбет», «Жұмекен» журналдарының құрылтайшысы, белгілі баспагер Болат Батырмен кездесті.

Бас мүфти бас редактормен кездесуде қоғамдағы баспасөздің рөлі мен маңызына тоқталды. «Ағартушылық-насихаттық жұмыстарды жүргізуде баспасөздің орны ерекше. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетін ашып, халықтың сауатын көтеруде үлкен жұмыстар атқарғанын жақсы білесіз. Діни басқарма діни саладағы жұмыстарды насихаттау, халықты толғандырған сұрақтарға жауап беру бағыты бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе қызмет етуге әрқашан дайын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу соңында тараптар ақпарат саласында әріптестік байланыс ортануға келісті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру