Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде өткен қайырымдылық іс-шараға қатысты.
«Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждарды қуанту – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қашан да қайырымдылық іс-шараларды бірінші кезекке қойып, игі істерге ұйытқы болып келеді. Біздің басты жұмыс бағыттарымыздың бірі – қайырымдылық. Бүгінгі іс-шарамыз да – осының айғағы» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, мешіт ауласында өткен іс-шарада 30 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған 30 қорапша таратылды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
02.06.2022
3609
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру