Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРҚАТАР ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.09.2021 2879 0 пікір
ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНДЕ БІРҚАТАР ПӘТУА ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Ғұламалар кеңесінің ХХХІ мәжілісінде бірқатар пәтуа қабылданды.

Атап айтқанда, «Форекс нарығына қатысты үкім», «Жасанды жолмен жаңбыр жаудырудың үкімі», «Марқұмның қабірінен топырақ алып, басқа жерге бейіт тұрғызу үкімі», «Гив (гивэвей) ойнату туралы үкім», «Некені онлайн түрде қиюдың үкімі», «Тұрмысқа шыққан әйелдің ерінің тегіне өтудің үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалар мәтіні қаралып, бекітілді.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымы арасында туындаған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды. 2021 жылы кеңес жұмысында 12 пәтуа, 2 құжат және 2 ғылыми жоба бекітілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру