Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.08.2021 3381 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның «Хасеки» институтына қабылдау емтиханының комиссия құрамын қабылдады.

Атап айтқанда Бас мүфти Түркия Республикасының Дін істері басқармасының шетелдерде білім беру және нұсқаулық әзірлеу департаменті басшысы Жошкун Дурсун Али, Түркияның Ақпараттық дамыту департаментінің басшысы Махмут Өздемир мен Оқу-ағарту және бағдарлама жасау бөлімінің басшысы Махмут Шахин, сондай-ақ Түркия Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы елішілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодурмен жүздесті.

Кездесуге наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы қатысты.

Алдымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы алапат өрт оқиғасына байланысты қонақтарға көңіл білдіріп, Жаратқаннан жарылқау мен жәрдем тілейтінін жеткізді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Pеспубликасы Дін істері басқармасы екі мемлекет арасындағы ортақ тарихи, мәдени, тіл және діни, рухани байланыстарға сүйене отырып, бірлесе жүзеге асырып жатқан діни қызметтері жетерлік. Соның бірі – осы «Хасеки» институтында біздің медресе түлектерінің білімін жетілдіріп, ізденісін күшейте түсуге мүмкіндік алуы. Түркия Республикасындағы «Хасеки» университетінде 2013 жылдан бері қазақстандық студенттер білім алуда. Оқуын тәмамдаған «Хасеки» түлектері бүгінде діни басқарма қарамағында қызмет атқаруда» деді Бас мүфти.

Түркия Республикасының Дін істері басқармасының шетелдерде білім беру және нұсқаулық әзірлеу департаменті басшысы Жошкун Дурсун Али ҚМДБ Төрағасына Түркия мүфтиі профессор Али Ербаштың сәлемін жеткізіп, бірлесіп жүзеге асырып жатқан игі істерге шексіз ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Бас мүфти қазақы қонақжай дәстүрмен делегация мүшелеріне құрмет көрсетіп, сый жасады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру