Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕРІКТІ ЖАННЫҢ ЕРЛІГІ: ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 10.06.2021 823 0 пікір
ЕРІКТІ ЖАННЫҢ ЕРЛІГІ: ҰМРА ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекенінде бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсімінде аталған оқу орны ғимаратының құрылысын жүргізген Ерболат Долдабаевқа айрықша алғыс айтып, ұмра қажылығына жолдама берді.

Ерболат Долдабаев – Тарбағатай аудандық «Байжігіт баба» мешітіне тұрақты келуші жамағаттың бірі. Ол мешіт жанынан ашылған қайырымдылық мекемесінің құрылысын жүргізіп, толық бітірген.

Ерікті азаматтың ерлігіне ризашылық білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Әр азамат игі іске қолдан келгенше үлес қосады. Құрылыс саласынан хабары бар Ерболат бауырымыз қайырымдылық мекемесін салуға ерекше үлес қосты. Алла разы болсын! Бұл еліміздің өсіп-өркендеуіне қосылған үлес деп есептеймін. Өйткені осы мекемеден діни һәм зайырлы білім алып шыққан иманды, отаншыл жастарымыз ертең-ақ елге, дінге қызмет ететін болады. Алла сол күнге жеткізгей! Әмин!» деді.

Айта кетсек, қайырымдылық мекемесінде бір мезетте 30 оқушы діни һәм зайырлы білім алады. Сонымен қатар Құран жаттамақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі