Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.06.2021 2522 0 пікір
БАС МҮФТИ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Өскемен қаласында Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде болып, студенттерге дәріс оқыды.

«Әр заманның өз жағдайына қатысты азаматтарға жүктелер міндет мен жауапкершік болады. Бүгінгі жастарға жүктелер жауапкершілік  – терең білім алып, ел игілігі үшін қызмет ету, шаңырақ көтеріп, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Сіздер осы аманатты абыроймен атқарсаңыздар, еліміз өркендей түседі. Халыққа қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. Ол үшін жақсы білім алып, өз салаңыздың майталман маманы болуларыңыз керек. Алла Тағала білім жолындағы қадамдарыңызға жар болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу кезінде студенттер Бас мүфтиге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру