Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЕЛБАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫН ОҚЫП БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2021 3475 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЕЛБАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫН  ОҚЫП БЕРДІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында Нұр-Мүбарак университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде айрықша орны бар іргелі діни білім ұясы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Нұр-Мүбарак университеті аз жылдың ішінде Қазақстандағы шын мәнінде рухани даму және ағарту орталығына айналды. Оқу ошағы жоғары білімді имамдар, исламтану және дінтану саласы бойынша араб, ағылшын тілі мамандарын даярлап, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп келеді. Университет ұжымы мен шәкірттері алдағы уақытта да еліміздегі бейбітшілік пен татулықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарымызды жаңғырту ісіне бар қажыр-қайратын аянбай жұмсай береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, білім-ғылым жолында жарқын жетістіктер тілеймін. Алла Тағала елімізді аман, тәуелсіздігімізді баянды етсін!» делінген Елбасы құттықтау хатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру