Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН ӨҢІРДЕГІ ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2021 3027 0 пікір
БАС МҮФТИ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН ӨҢІРДЕГІ ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі діни ахуал мәселесі сөз болып, деструктивті діни ағымды алдын алу, осы бағытта оңалту жұмыстарына қатысты іс-шараларды бірге жүзеге асыру, имамдардың біліктілігін көтеру мәселесі жан-жақты талқыланды.

Наурызбай қажы Тағанұлы имамдар форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарында көрсетілген мәселелерге назар аударды.

«Біз ас берудің, зират көтерудің жалпыға ортақ мәдениетін қалыптастыру үшін халық арасында насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Өзіңіз жақсы білесіз, ас беруде, зират көтеруде кейбір азаматтарымыз астамшылық жасап, ысырапқа жол беріп жатады. Біз халықты ысырап жасамай, керісінше артық қаражатты қайырымдылыққа, ағарту саласына қажетті кітап шығаруға, мұқтаж жандарға жұмсауға үндеп келеміз. Осы бағытта жергілікті әкімдікпен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы өзекті мәселенің маңызына тоқталып, өз ойымен бөлісті.

Кездесу соңында тараптар бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Бас мүфти облыс басшысына «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабын сыйға тартты.

Айта кетсек, бүгінде Батыс Қазақстан облысында 48 мешіт бар. Онда 93 дін қызметкері жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру