Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ДІН БАСШЫСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.05.2021 2436 0 пікір
ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ДІН БАСШЫСЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қырғызстан мұсылмандары дін басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Жоробай ажы Шергазыев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Қырғызстан дін басқармасы және барша қырғыз мұсылмандары атынан Сізді және Қазақстан мұсылмандарын ұлық мейрам Ораза айтпен құттықтап, Алла Тағаладан екі дүниенің мейірімін тілеймін.

Ораза айт – Рамазанның аяқталғанын білдіретін қасиетті мейрам. Бүгін әлемнің әр түпкіріндегі діндес бауырларымыз Аллаға шүкірлік айтып, шаттыққа кенелуде. Жаратушы Иемізден біздің қасиетті айда ұстаған оразамыз бен дұға-тілектерімізді, құлшылық-амалдарымызды сауаптан жазып, күнә-кемшіліктерімізді кешіруін тілеймін!» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру