Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.04.2021 875 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, қарымды қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«Халқымызда «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Даңқты жазушы болса да, қарапайым өмір кешкен, ел-жұртқа сыйлы болған Қабдеш Жұмаділовтің аты да, соңынан қалдырған мол рухани мұрасы да өлмейді деген сенімдеміз. Қилы кезеңде дүниеге келіп, Алаш арыстары аңсап кеткен егеменді шағымызда өмірден өтті. Оның «Соңғы көш», «Бақыт жолында», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» романдары әлі күнге оқырманның көңілінен ерекше орын алған шығармалар қатарында. «Дін – халықты сақтап қалудың бірден-бір күші, негізі. Діні жоқ адам көрінгенге құл болып кете береді» деп жазған Қабдеш Жұмаділовті Алла Тағала рақымына алып, туыстарына, отбасы мен ұрпақтарына сабыр берсін» делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі