Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.02.2021 3960 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

Киелі Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы көне шаһарда XIV ғасырда әйгілі Әмір Темірдің пәрменімен салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, ізгілік пен имандылықты насихаттауға сүбелі үлес қосқан ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткішінің бірі. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Яссауи бейітінің басына орнатылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру