Мүфтияттың 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияда «Қазақстан мұсылмандарының қарашаңырағы» (Діни басқармаға – 30 жыл) кітабының тұсауы кесілді.
Жаңа кітаптың тұсаукесерін Діни басқарманы әр жылдары басқарған бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жасады.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа кітаптың үш тілде жарық көргенін, көркем безендірілгенін және алдағы уақытта оқырманға жол тартатынын атап өтті.
Кітапта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылу кезеңі, қазилар мен бас мүфтилер, Діни басқарманың 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері, бастамалары мен ізгі жобалары, бөлімдері мен секторлары, өкілдіктері мен оқу орындары және 30 жылдағы айтулы оқиғалары қамтылған.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.11.2020
4736
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру