Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СЫР ӨҢІРІНІҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.11.2020 2915 0 пікір
БАС МҮФТИ СЫР ӨҢІРІНІҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Айтулы жиынға Сыр өңіріндегі өнер мен мәдениет және спорт өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Н.Бекежанов атындағы драма театрдың режиссері Хусейн Әмір-Темір, ақын Серік Ыдырысов, ақын Төреәлі Төлеп, спортшылар Илья Ильин, Қамшыбек Қоңқабаев сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар жиында сөз сөйлеп, Бас мүфтимен дидарласты.

Шарада алғаш сөз алған Бас мүфти Сыр өңіріндегі ілкімді істерге тоқталып, кездесуге келген аймақтың мақтаныштарына рахметін жеткізді.

«Сыр – Алаштың анасы. Қазақтың астанасы болған қала. Алаш арыстарының табанының ізі қалған мекен. Бұл өлкеге жиі келіп тұрамыз. Әр келген сайын жаңа бір лепке куә болып жатамыз. Пандемия кезінде бұл аймақта көптеген игі істер атқарылды. Өздеріңіз мешіттердің бір жағынан болысып, демеу болғандарыңызға рақмет. Өздеріңізбен осылай емен-жарқын кездескеніме қуаныштымын. Діннің насихаты, жақсылықтың жаршысы боп жүре беріңіздер» - деп игі тілегін жеткізген Бас мүфти дөңгелек үстел барысында қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Сыр өңірінің игі жақсылары Бас мүфтиге ризашылығын білдіріп, рухани кездесу жалғасын тапса деген тілек білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру