Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.10.2020 1668 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда өнер, мәдениет және спорт саласының өкілдерімен кездесті.

Алматы Орталық мешітінде өткен тағылымды басқосуға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және де елімізге танымал бір топ мәдениет және спорт саласының үздіктері қатысты.

Бас мүфти бүгінгі таңда әлеуметтік желінің үлкен күшке айналғанын тілге тиек етіп, әсіресе, жастар көп уақытын өткізетін ғаламтор әлемінде үнемі жақсылықты насихаттап жүрген өнер адамдарына, мәдениет саласының үздіктеріне алғыс білдірді.

Жиын барысында Сәкен Қалымов, Сержанәлі Әлібек, Ардақ Назаров, Мадияр Серікбаев сынды өнер, спорт жұлдыздары ұдайы қайырымды істердің басынан табылып, жақсылықты насихаттап жүрген Діни басқарма мен мешіт имамдарының жұмысын жоғары бағалап, алдағы уақытта да ізгі істерге атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі