Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ 10 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.10.2020 4378 0 пікір
БАС МҮФТИ 10 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласында «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бір мезетте 10 мұқтаж отбасыға пәтер кілтін табыс етті.

– «Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді бұрынғылар. Адамның жағдайы төмендесе, иманы да әлсіреуі мүмкін. Парыздарға селқос қарай бастайды. Ал тұрмысы түзеліп, бала-шағасының ішіп-жеміне алаңдамаған адам жағдайы жақсарған сайын Аллаға жақын келеді. Садақасын, зекетін береді, қоғамға пайдасын тигізеді. Ең бастысы, ниеттің түзулігі, пейілдің кеңдігі. Мінеки, 10 бірдей мұқтаж отбасының үйлі болуына бірнеше бауырымыз үлес қосып, жақсы іске ниет еткен екен. Алла Тағала баршаңызға разы болсын! Жаңа баспаналардың іші берекеге толсын!, - деді Бас мүфти.

Қуаныштары қойынына сыймаған жаңа баспана иелері мешіт имамдарына, кәсіпкерлерге алғыстарын жаудырып, ризашылығын білдірді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да он отбасының баспаналы болуына себепкер болған жаны жомарт кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізіп, алғыс хат табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру