Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВПЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.10.2020 3490 0 пікір
БАС МҮФТИ МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВПЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым-түрколог Мырзатай Жолдасбековпен кездесті.

Кездесуде жастарды имандылыққа тәрбиелеу, балаға жақсы есім қою, дін мен дәстүр сабақтастығын көбірек насихаттау, имамдардың білімі мен тәжірибесін арттыру сынды бірқатар мәселелер сөз болды.

Басқосуда Мырзатай Жолдасбеков: «Асыл дінімізді ардақтап, сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрімізді дәріптеу, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, республика деңгейінде қайырымдылық шараларды ұйымдастыру ісінде Діни басқарманың жұмысы үлкен. Оны ел біліп те, көріп те отыр. Осынау игі де сауапты жұмыстарыңыз баянды болсын. Қашан да Құдай жар болсын» деген тілегін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру