Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған қыз-келіншектермен жүздесіп, Ораза айтқа арналған сый-сияпат ұсынды.
Бас мүфти өз сөзінде Отаннан асқан аяулы мекен жоқ екенін еске салды.
«Біздің Отанымыз – Қазақстан. Шетелге шыққан сайын, елімізді сағынамыз. Қазақстан – біздің төлқұжатымыз. Алладан кейінгі қолдаушымыз да – осы Отан. Сіздерге көрсетіліп жатқан түрлі көмек – осы Отанның қамқорлығы, шарапаты. «Зекет» қорының бастамасымен өздеріңізге сый-сыяпат дайындадық. Алла сіздерге берік иман, отбасыларыңызға амандық берсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кездесу соңында «Зекет» қоры «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 8 отбасыға азық-түлік және тұрмыстық заттар үлестірді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.05.2020
4501
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру