Бүгін, қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Құран хатым етіп, дұғасын жасады.
Хатым батасын берген Бас мүфти: «Уа, Алла Тағала! Науқасқа душар болған пенделеріңе шипаңды бергейсің. Жолаушылардың сапарын оңғара гөр. Өзіңнен жәрдем сұраған құлдарыңның дұғасын қабыл еткейсің. Науқас жандарға қасиетті Құранды шипа етіп, қайғыдан сейілтіп, қуанышын арттыра гөр. Уа, Алла Тағала! Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апат пен жұқпалы індеттен сақтап, мешіттерімізді жамағатқа толтырғайсың, жұртымызға жар болғайсың» деді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
20.03.2020
4973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру