Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 12.03.2020 5535 0 пікір
БАС МҮФТИ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Орталық аппаратының кезекті жиналысы өтті. Жиында әлемді дүрліктіріп тұрған коронавирус індетін алдын алу, мешіт пен медреселерде сақтық шараларын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

ҚМДБ Төрағасы бүгінде кейбір елдерде коронавирус жылдам таралып, вирусты жұқтырған адам саны артқанын алға тарта келе, дертке қарсы арнайы сақтық шараларын қолға алуды тапсырды.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жұқпалы ауруға шалдыққан адамнан жыртқыш хайуаннан қашқандай қашыңдар (қорғаныңдар)», – деген. Біз өз отбасымызға, ұжымға, туған-туыстарға жауапты тұлға болғандықтан, әрқашан сақтық шараларын жасауымыз тиіс. Осы ретте адам көп жиналатын жиындардан, іс-шаралардан, кездесулерден мүмкіндігінше бас тартқанымыз абзал.

Жамағат намазынан кейін қол беріп амандасып, бір орынға жиналып дұға ету – міндет емес. Мешітке келуші мұсылман қауымынан жұқпалы аурудан сақтану үшін мүмкіндікке қарай бетперде киіп келуін, мешітте топтасып отырмауын, жұма намаздан кейін тез арада үйіне баруын, құлшылық жасаған соң қол беріп амандасып, бір жерге жиналып, сұхбаттаспауын сұраймыз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти медреселердегі дәрістерді уақытша тоқтату, жоспарланған жиындарды, семинар мен конференцияларды, құдайы ас беру секілді шараларды кейінге қалдыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі