Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚОРДАЙДАҒЫ ҚАЙҒЫ ЖАМЫЛҒАН ОТБАСЫҒА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.02.2020 4544 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚОРДАЙДАҒЫ ҚАЙҒЫ ЖАМЫЛҒАН ОТБАСЫҒА КӨҢІЛ АЙТТЫ (ФОТО)

Жамбыл облысына арнайы келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданындағы қақтығыста қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барып, ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұл отбасы қақтығыс болған маңнан 10 шақырым жердегі Әлжан ана ауылында тұрады. Дархан Әбдірахым үйінің жалғызы екен. Бас мүфти әкесі Асқарбек Әбдірахымға басу айтып, сабырға шақырды.

«Бұл – Алланың сынағы. «Тас түскен жеріне ауыр» деген. Қайғылы жағдайды естігенде егіліп, тілектес болдық. Қайғыңызға ортақпыз. Адам ұрпағымен мың жасайды. Енді Дарханыңыздың балаларын өсіріп, солардың қызығын көріңіз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру