Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: ЖЕРЛЕУ РӘСІМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШУ ҚАЖЕТ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 14.02.2020 3834 0 пікір
БАС МҮФТИ: ЖЕРЛЕУ РӘСІМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШУ ҚАЖЕТ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Орталық аппарат жиналысында мүфтият жанынан жерлеу рәсімін жүзеге асыратын орталық ашу қажеттігі сөз болды.

«Біздің қоғамда зират және жерлеу рәсіміне қатысты мәселе көп. Біріншіден, бұл салада шариғат талаптары ескерілмесе, екіншіден, діни салттық қызметті кәсіпке айналдырғандар халықтың жағдайымен санаспай келеді. Осыдан кейін қазалы үй қаражат іздеумен сарсаңға түседі. Біз осы мәселені ескеріп, мүфтият жанынан жерлеу рәсімін жүзеге асыратын орталық ашуды қолға алуымыз қажет» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасының бұл ұсынысын Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен мүфтият ұжымы қолдап, оң пікірін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру