Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдарына «Ихсан ілімі» бойынша семинар өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 11.11.2026 17 0 пікір
Сыр имамдарына «Ихсан ілімі» бойынша семинар өтті

Қызылордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлының қатысуымен имамдарға арналған «Ихсан ілімі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. 

Шарада ихсан ілімінің мәні мен маңызы, имамның рухани кемелденуі, көркем мінез бен ықыласты қалыптастыру, діни қызметтегі жауапкершілік мәселелері кеңінен қамтылды.

Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің күнделікті қызметінде ихсан қағидаттарын басшылыққа алуы, жамағатпен қарым-қатынаста әдеп пен ізгілікті сақтау жайында түсіндірмелер берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру