Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда имамдарға арналған Құран курсы аяқталды

Алматы қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі azan.kz 11.11.2026 93 0 пікір
Алматыда имамдарға арналған Құран курсы аяқталды

Алматыда имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған 2 айлық Құран курсы аяқталды. 

Жергілікті өкілдіктің ұйымдастыруымен өткен курстың қорытынды жиынына қаланың Бас имамы Төлеби Дәдіұлы қатысып, оқуды сәтті аяқтаған имамдарға куәлік табыс етті.

Айта кетейін,  курста имамдарға тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен құран сүрелерін қатесіз оқу бойынша дәрістер өткізілді. Оқу сабақтары аяқталған соң Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, қари Мансұр Инаятулла тәжуид ережелері, намаз дұғалары, Құран сүрелері бойынша емтихан алып, білім деңгейлерін тексерді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру