Қостанай облысында қала және аудан имамдарының қатысуымен кең көлемді жиын өтті.
Кездесуде бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Атап айтқанда, барлық мешіттердің қысқы маусымға дайындығы пысықталып, өңірде кітап оқу сайысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Жиын барысында Діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Сапарғали Әбдиев әлеуметтік желілерде діни насихат жүргізудің әдебі, ақпарат тарату мәдениеті мен жауапкершілігі жөнінде ой-пікірімен бөлісті.
Облыстың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, жұмыстарды жандандыруға, жоспарланған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға шақырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
05.11.2026
38
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру