Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде «Цифрлық кеңістіктегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен қолдану тәжірибесі» атты ауқымды семинар-тренинг өтті.
Басқосуға өңірдегі қала және аудан мешіттерінен 50-ге жуық имам мен дін қызметкері қатысып, заманауи технология тілін меңгерді.
Іс-шараның ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілінің бірінші орынбасары Әбдіқадыр Сейтқали жасанды интеллектінің қоғам өміріндегі рөліне және оның діни-ағартушылық қызметке тигізер пайдасына тоқталды.
Ал семинардың теориялық және практикалық бөлімін «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Әбдіжаппар Әмір жүргізді.
Спикер қатысушыларға ChatGPT және өзге де ЖИ платформаларының жұмыс істеу қағидаларын қарапайым тілмен түсіндіріп, нақты тапсырмалар арқылы көрсетті.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
05.11.2026
41
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру