Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай облысы: Жамағат зияткерлік білімін сынады

Абай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 27.10.2026 69 0 пікір
Абай облысы: Жамағат зияткерлік білімін сынады

Семей қалалық Төлеубек қажы мешітінде жамағат арасында “Білімді мыңды жығар” атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Интелектуалды бәсекеге 5 команда қатысып, 5 кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап берді. Сайыс тартысты да қызықты өтіп, көпшілікке өте жақсы әсер қалдырды.

Жарыс нәтижесі бойынша 1 – орынды “Алаш” командасы иеленсе, 2 – орынды “Бабалар ізі” командасы жеңіп алды. Ал “Аңсар”тобы үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру