Жетісу облысының дін қызметкерлері «Иман» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған кезекті республикалық аттестаттаудан өтіп жатыр.
Республикалық аттестаттау жергілікті дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін саралау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Аттестаттау барысында имамдардың Құран, ақида, фиқһ, Ислам тарихы сынды діни ілімдермен қатар, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша білімі де сыналады.
Аттестаттау компьютерлік тестілеу және ауызша сынақ түрінде жүргізіліп жатыр.
Аттестаттау комиссиясының құрамында ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы бар.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
27.10.2026
293
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру