Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 23.10.2026 144 0 пікір
Маңғыстауда қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастама 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылды.

Шара аясында 15 қарияға азық-түлік себеттері таратылып, құрмет көрсетілді.

Кездесуде Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, қариялардың қоғамдағы орнына тоқталды. «Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар – ұлттың ұйытқысы, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін асыл қазына. Қарияларға құрмет көрсету, олардың жағдайына көңіл бөлу – баршамызға ортақ міндет», - деді Бас имам.

Ел игілігі жолындағы осындай қайырымды істер жалғасын тауып, үлкендеріміздің батасы мен ақ тілегі әрдайым ортаймасын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру